Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух. Кішкентай фонд Мұхаммедке ниет етіп,қолдау көрсетіп,қол ұшын созам десеңіздер көп балалы мұқтаж аналарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға,қарттарға,жалғыз басты аналарға,жетім-жесірлерге демеу болам десеңіздер Алла баршаңызға екі дүниеде де разы болсын 🌹🌹 Фирдауси жәннатынан орын нәсіп етсін 🤲🤲. Мейірімді Алла егер біреудің қуануына себепші болсаң,мен сені қуантамын- дейді. Бұл фондты ашуыма себеп болған,мына оқиға еді.Мен өзім сегіз балалы анамын Әлхамдуллилах.Балаларымның жәрдемақысына құжат жинауға барғанымда, арасында бір ананың құжатын қабылдамай үйімде балаларым жейтін наным да жоқ дегені.Уйіме ертіп келіп,бар азық-түлігіммен бөлістім.Қуанғанын көрсеңіздер ғой.Осыдан кейін көп аналар маған вацаптан группа ашып,құжат мәселесінде білетіндеріміз болса бөліссек -деп ұсыныс жасады.Шынымды айтсам группа ашқаннан соң,сол группада баласы емі жоқ аурумен ауыратын ананың барын,бүгін балалары ішетін асы жоқ отбасыларын бар екенін білмеппін.😔😔. Негізгі группаны қайтадан жабамын деп ойлаған едім.Себебі көп адамдар мені үлкен фонд,көмек береді екен-деп үйіме де қатты қиналып көмек сұрап келушілер көп.Бұл да бір Алланың қалауы шығар.Мен барлығына өзімнің сегіз балам бар екенін,тек артық киім-кешек, азық-түліктерімді шыдай алмай бергенімді айтып едім.Қиналып тұрғандарын көріп,демеуші,қолдаушы,сауап жинап,Алла разылығын алам деушілер іздеп жатырмын.ИншАллах.Егерде сіздерде артық азық-түлік, киім-кешек,үйге керек жарақ ыдыс-аяқ,балаларыңыздың ойнамайтын ойыншықтары ( басқа балаларды қуантатын) көрпе-төсек, кілем-палас керексіз болса хадия етсеңіздер болады.Алла баршаңызға екі дүниеде де разы болсын 🌹🌹.

Теги других блогов: мүмкіндік Кішкентай фонд қолдау